Еуропада ер адамдардың саны артып келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы 250 жылда алғаш рет Батыс Еуропа тұрғындарында ерлердің саны әйелдерден асты. Жаңа демографиялық тренд өткен жылы Швециядағы халық санағында байқалды. Онда ерлердің саны әйелдерге қарағанда 277 адамға көбейгені анықталды. Бір жылдан кейін Швецияның ерлер мен әйелдері арасындағы айырмашылық 12 мың адамды құрады, деп хабарлады Утро.ру.
100 әйелге шаққандағы ерлер саны жалпы Еуропада баяу, ал кей солтүстік және орталық еуропалық елдерде тез ұлғайып келеді. Бұған көші-қон үдерістері де әсер етті.
Швецияда ең үлкен ерлердің қатарының көбеюі 5-19 жас аралығында тіркелді. Мұнда 100 қызға 108 ұл бала келеді екен. Өткен жылы Швецияға жасөспірім жастағы 35 мың мигрант барған.
Еуропада орташа алғанда 105 жаңа туған ұл балаға шамамен 100 қыздан келеді.