Еуропада ерекше ыстық қалыптасты
АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - Батыс Еуропаның көптеген елдерінде ерекше ыстық қалыптасты. Табиғат аномалиясының себебі - антициклон. Бұл туралы шетелдік БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап Утро.ру хабарлады.
Күндіз Испания мен Францияда температура +27 / +29 °С, Францияның оңтүстігі мен Португалияда +30°С. Ұлыбританияда +25 / +27 °С. Антициклонның әсері қазан айының соңына дейін сақталады.