Еуропада қар жауды

Олжас Бектенов Еуропалық Одақ елдері өкілдерімен су ресурстарын басқару мәселесін талқылады
Фото: März, Bernd / Action Press / picturedesk.com

АСТАНА. KAZINFORM – Орталық Еуропа мен Балқанда қар жауды. Бұрын бұл аймақтардың тұрғындары әдеттен тыс ыстық көктемді бастан өткерген еді. Ауа температурасы 30°C-қа жеткен болатын, деп хабарлайды Euronews.

Еуропадағы ауа райы тағы да таңғалдырды. Аустрияның кей жерлерінде сейсенбіден бері қар жауып жатыр, демалыс күндері ауа температурасы 30 градустан жоғары болған. Атап айтқанда, Каринтиядағы Паксаттель асуы қар астында қалды. 

Бірнеше көлік апаты болды. Көптеген жолда жүргізушілерден арнайы шынжырлар тағу талап етілді. Төтенше жағдайлар қызметі қар басқан ағаштар жолдар мен электр желілеріне құлап кетеді деп қауіптеніп отыр.

Хорватияның Загорье қаласында да қар жауып, Петровско, Хум-на* Сутли, Преграда, Джурманец, Радобой және Есене елді мекендерінің бір бөлігін қар жамылды. Елдің кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауды. Тұрғындар гүлденген жеміс ағаштарына зиян тигізетін қатқақ болмайтынына үміттеніп отыр.

Екі күндік аптап ыстықтан кейін Румыниядағы ауа температурасы 20°С-қа дерлік күрт төмендеді. Елдің солтүстік-батысындағы Клуж-Напока қаласына нағыз қыс келді. Егер сейсенбіде мүндағы термометр бағанасы 25°C көрсетсе, сәрсенбіде 4°C болды. Климатологтардың пікірінше, ауа райының мұндай құбылуы жаһандық жылынуға байланысты болып отыр.

«Жер шарындағы экожүйелер мен климаттық жағдайдың қалай өзгеріп жатқанын іс жүзінде көруге болады. Амал қанша, соған үйрену керек», - деді жергілікті тұрғындардың бірі.

Босния мен Герцеговинаның таулы аймақтары мен ел астанасы Сараево да қар астында қалды. Бұл ретте мұндағы ауа температурасы бұған дейін шамамен 30 °C-қа жетті. Бұл – Балқандағы көктемге тән емес құбылыс.

Соңғы жаңалықтар