Еуропада құс тұмауы оқиғалары тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропада құс тұмауының таралуы тіркелді, деп хабарлады БЕЛТА БҰҰ-ның жаңалықтар орталығына сілтеме жасай отырып.

Еуропада құс тұмауы оқиғалары тіркелді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Н5N8 құс тұмауының жоғары патогенді вирусының жаңа белгілері тіркелгені туралы ақпараттандырды. Вирус Италияның солтүстік-шығысында Порто-Виро күркетауық фермасында, Германиядағы Төменгі Саксониядағы құс фермасында, тағы екеуі Нидерландыда тіркелді.

Н5N8 құс тұмауының жоғары патогенді вирусы осыған дейін Корея және Жапония елдерінде тіркелген.

Әзірге Н5N8 тұмауының адамдарға жұққандығы туралы деректер жоқ әрі оның үстіне оның адамдарға жұғу қаупі төмен. Соған қарамастан, елдердің мемлекеттік органдары одан сақтанудың алдын ала шараларын қолға алуда. Себебі құс тұмауының кейбір түрлері адамдарға да жұғуы әбден мүмкін.