Еуропада маймыл шешегі індетінің қарқыны төмендеді - ДДҰ

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа аймағында маймыл шешегі індетінің қарқыны төмендегенін мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап хабарлайды.

«2022 жылдың мамыр айының басынан бастап ДДҰ Еуропалық аймағында маймыл шешегінің 23 мыңнан астам жағдайы тіркелді, оның 18 мыңнан астамы Еуропалық экономикалық аймаққа тиесілі. Еуропалық, ұлттық және өңірлік денсаулық сақтау мекемелері мен биліктің келісілген және бірлескен күш-жігері өте маңызды болды, енді біз соңғы апталарда ауру жұқтырудың азаюын байқап отырмыз», - делінген Ұйым хабарламасында.

Құжатта бұл вирустың эндемиялық емес елдерде адамнан-адамға таралуы бұрын шектеулі болғандығы және қазір «Еуропада денсаулыққа трансшекаралық қауіп төндіретіні» айтылған. Еуропалық комиссия мен ДДҰ аурудың таралуын болдырмау үшін бірлескен жұмысты жалғастыратыны да мәлім етілген.






Фото:abcnews.go.com



Соңғы жаңалықтар