Еуропада мультимәдени қоғам үлкен дағдарысқа ұшырауда - академик Ә. Нысанбаев

АЛМАТЫ. 19 қараша. ҚазАқпарат - Мультимәдени қоғам құруда Қазақстан өзге елдердің тәжірибесін ескеруі керек.
None
None

Академик Әбдімәлік Нысанбаевтың айтуынша, қазір мультимәдени қоғам құруда ұлттық құрылысы аяқталған елдердің өзінде оған деген қарсылық күшейіп келе жатыр. Өйткені онда басқа елден қоныс аударып келген өзге ұлт өкілдері жергілікті халықпен ықпалдастыққа онша түспей жатыр.

«Көші-қон ұлттық қауіпсіздікке бірталай нұқсан келтіруде. Бұл үрдістен Қазақстан да сырт қала алмайды. Соңғы жылдары елімізде бой көтере бастаған лаңкестік оқиғалардың көрші елдермен шекаралас облыстарда орын алуы кездейсоқтық емес», - дейді ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі, философия ғылымдарының докторы Ә. Нысанбаев. Ғалымның пайымдауынша, Қазақстандағы мультимәдени қоғамның ұлттық құрылысын нығайтуда мемлекеттік тілдің маңызы өте зор. Сол себепті Парламент «Мемлекеттік тіл» туралы арнайы заң қабылдауы керек. Өйткені өзге ұлыс өкілдері тілдік бірлік арқылы қазақ ұлтының айналасына ұйысқанда ғана ішкі тұрақтылық арқылы дамудың жаңа сатысына көтеріледі.

Соңғы жаңалықтар