Еуропада Наурыз мерекесінің құрметіне үлкен концерт болып өтті (ФОТО)

2015 жылдың 24 наурызында концерт Еуропа мәдениетінің астанасы болып танылған Париж қаласында, 26 наурыз күні - Германияның ең ірі қалаларының бірі - Кельнде, ал 28 наурызда - ұлы Моцарттың отаны Венада өтті.
Мерекені бастау белгісі ЮНЕСКО-ның Париждегі ғимаратында берілді. Ұйымның 70 жылдығына да арналған шара ЮНЕСКО жанындағы бірқатар елдер - Ресей Федерациясы, Әзербайжан, Қазақстан, Түркіменстан және Қырғызстанның тұрақты өкілдіктерінің көмегімен өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Наурыз Халықаралық күнін бірлесіп өткізу туралы келісімге 2015 жылдың қаңтар айында ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокованың ТҮРКІСОЙ-дың штаб пәтеріне сапары кезінде қол жеткізілді.
Одан кейін Наурыздың Еуропада атап өтілуі Кельн қаласында жалғасты, мұндағы шараны ТҮРКІСОЙ Түркияның Юнус Эмре атындағы Зерттеу орталығымен (Юнус Эмре институты) бірлесіп ұйымдастырылды. Парижден Кельнге 12 сағаттық ұшудан кейін шаршағандарына қарамастан, 14 елден жиналған 80 әртіс неміс жұртшылығына тамаша концерт көрсетті.
Наурызды Еуропада мерекелеудің соңғы концерті Австрия астанасы Вена қаласындағы Хофбург императорлық сарайында өтті.