Еуропада роуминг едәуір арзандайды

АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Еуропалық заң шығарушылар роуминг шығындарын қысқартуға дауыс берді, бұл телефон қоңырауларын үштен екіге арзандатуы тиіс, деп хабарлады Ростбалт.
None
None

Бұл қажетсіз шығындарды азайту үшін ЕО қабылдаған роумингті реттеудегі үшінші қадам.

Ұялы телефондарды пайдаланушылар шетелдегі роуминг үшін төлейді, өйткені олар өздері болатын елдердегі ұялы желілерге сигналдарды беруге көп күш жұмсайды. Еуропарламент  қоңырауларға бағаны қысқартуды шешті. Маусым айынан бастап роумингіде бір минут сөйлесу қазіргі 0,35 еуродан 0,25 еуроға дейін азаяды.

Еуропарламент депутаттары егер ЕО елдерінің үкіметтері парламент ұсынысын қолдаса, 2014 жылы бұл соманы 0,15 еуроға дейін түсірмек.

Ал Deutsche Telekom, France Telecom және Telefonica телекоммуникациялық компаниялары бұған риза емес. Олардың пікірінше, Еуропарламент белгілеген баға өте төмен, ол нарықтағы бәсекелестікті жоюмен бірге жаңа ұялы байланыс компанияларының пайда болуына жол бермейді.

Соңғы жаңалықтар