Еуропада соғыстың аяқталғанына 70 жыл толуына орай салтанатты шара өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропада екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 70 жыл толуына орай ЕО елдері басшылары Польшаның Гданьск қаласына жиналды, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.
2 дүниежүзілік соғыстың алғашқы оғы атылған Вестерплатте жарты аралындағы іс-шаралардың негізгі бөлігі түнде өтті. Гданьскіге Болгария, Чехия, Эстония, Литва, Румыния, Украина басшылары да барды. Сонымен қатар, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун да салтанатты шараға қатысты. 8 мамыр күні Еуропаның басқа да қалаларында аталған датаны атап өту жалғасын табады.