Еуропада сынап қызуөлшегіштерді пайдалануға тыйым салынды

БРЮССЕЛЬ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат – 2007 жылғы шілдеде Еуропа парламенті қабылдаған сынап туралы заң Еуроодақта күшіне енді.

Еуропада сынап қызуөлшегіштерді пайдалануға тыйым салынды
Онда сәуірдің 1-інен бастап, ауа мен адам денесінің қызуын өлшейтін термометрлер, артериялық қысымды өлшейтін манометр, сфигноманометр секілді құрамында сынап бар медициналық және физикалық приборларды өндіруге және оларды бастапқы сату нүктелерінде (дүкендерде) таратуға тыйым салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру. агенттігіне сілтеме жасап.Қызуөлшегіштерді сақтауға, оларды үйде пайдалануға және оны қажет еткен адамдарға беруге және сатуға рұқсат. Жасалғанына 50 жылдан асқан қызуөлшегіштерді дүкендерде сатуға болады, өйткені мұндай артефактілар «мәдени құндылықтар» саналады.