Еуропада үй хайуанатын иесімен бірге жерлеу туралы заң жобасы қаралып жатыр

АСТАНА.ҚазАқпарат - Бельгия парламентіне үй хайуанатын оның иесімен бірге жерлеу туралы заң жобасы келіп түсті.

Еуропада үй хайуанатын иесімен бірге жерлеу туралы заң жобасы қаралып жатыр

Жобаны қаралымға берген Фламанд социалистік партиясы, үй хайуанатын жақсы көретін адамдарға онымен мәңгі бірге болу мүмкіндігін  ұсынады. Ең басты шарт - міндетті кремация. Ұсынылған заң жобасына сәйкес кремациядан кейінгі күлді араластырып арнайы колумбарийге қояды.

Бельгияда хайуанаттар құқын қорғайтын кейбір ұйымдардың айтуынша, үйдегі досын қатты жақсы көретін адамдар өлгеннен кейін де онымен бірге болғысы келеді. Еуропа елдерінде хайуанатты тек арнайы орындарға жерлеуге ғана рұқсат берілген. Оның бағасы 100 ден 600 еуро аралығында, деп хабарлайды euronews.