Еуропада жауған қар салдарынан тасымал саласы зардап шегуде
АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Еуропа қалаларында ауа-райының қолайсыздығынан жүздеген рейстер ұшпай қалды.
Қатты жауған қарға техникалық қызметтердің әлі жетпей жатыр, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
Көлік қозғалысы Британия, Франция мен Германияның автожолдарында да тоқтап қалған.
Қазір жаз мезгілі тұрған Австралияның бірқатар аудандарына қар жауып қалған. Ал соғып өткен құйын мен жауған сел су тасқынының болуына әкеліп соққан.