Еуропада жыл сайын сүт безі қатерлі ісігінің 350 мың жаңа оқиғасы тіркеліп, 130 мың әйел осы аурудан қайтыс болады

БРЮССЕЛЬ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Еуроодақ елдерінде жыл сайын сүт безі қатерлі ісігінің 350 мың жаңа оқиғасы тіркеліп, 130 мыңдай әйел осы аурудан қайтыс болады. Сүт безінің қатерлі ісігін анықтайтын тиімді технологияның жоқтығы, кейбір оқиғалардың байқаусыз қалуына немесе диагноздың дұрыс қойылмауына әкеп тірейді, деп хабарлады Еурокомиссияның баспасөз қызметінен.
None
None

Қатерлі ісік диагностикасының жаңа әдістерін жасау және сынақтан өткізу мақсатында Еуроодақ «ХAMAM» деп аталатын жаңа жобаға (ағылшынша атауы «HAMAM») 3,1 миллион еуро инвестициялап отыр. Жаңа жоба маммография, магниттік-резонансты томография және басқа да технологиялардың қорытындылары негізінде мультимодальдық суреттерді ықпалдастыра отырып және пациент туралы мәліметтерді жинастыра отырып, сүт безінің қатерлі ісігін диагностиялауға көмектесетін жаңа жұмыс стансасының прототипін жасауға негізделеді. Дәрігерлер пациенттің ауруының тарихы мен медициналық анализдерін қарау кезінде мультимодальдық суреттерді салыстыра алады. Жұмыс стансасы Германия, Ұлыбритания және Нидерланды елдерінің кейбір ауруханаларында сынақтан өткізіледі.

Еурокомиссияның вице-президенті Нели Крус ханымның атап көрсетуінше «сүт безінің қатерлі ісігі дүниежүзі бойынша миллиондаған адамның өміріне қауіп төндіріп отыр. «ХАМАМ» жобасы сәтті жүзеге асқан жағдайда, ол қатерлі ісікті ертерек анықтауға, мыңдаған адамның өмірін сақтауға мүмкіндік береді».

Соңғы жаңалықтар