Еуропадағы Палестинаны қолдау акциялары: Рим, Мадрид және Лондонда жүздеген мың адам көшеге шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Еуропаның бірнеше қаласында ондаған мың адам Палестинаны қолдау мақсатында жаппай наразылық шерулеріне шықты, деп хабарлайды BBC.
Израиль Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізбек болған 40-тан астам кемеден тұратын флотилияны ұстап қалғаннан кейін, бүкіл Еуропа бойынша адамдар көшеге шықты.
L’onda non si ferma più, un milione di persone oggi a Roma#BlocchiamoTutto pic.twitter.com/7ZSa7BuLlC
— M49 (@M49liberorso) October 4, 2025
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Римдегі шеруге миллионнан астам адам қатысқан, ал полиция олардың санын шамамен 250 мың деп бағалайды.
Күннің ыстығына қарамастан өткен бұл бейбіт наразылық акциясына студенттер, балалар мен қарттар қатысты. Қатысушылар қолдарына транспаранттар мен жалаулар ұстап, «Палестинаға бостандық!» деген ұрандар айтты.
Anatomia di una marea #Roma #Gaza pic.twitter.com/JSC1q6fF6x
— Il Grande Flagello (@grande_flagello) October 4, 2025
Шерудің соңына таман шамамен 200 адам негізгі топтан бөлініп, Санта-Мария-Маджоре базиликасының маңында полициямен қақтығысқан. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тәртіп сақшылары бұған жауап ретінде көзден жас ағызатын газ және су атқыш құралдарын қолданған.
Cries for Intifada in the streets of London, 2 days after British Jews were murdered by a terrorist. How is this OK? Can't the British people understand that this is completely fucked up? pic.twitter.com/VtfsRI2fCb
— Elad Simchayoff (@Elad_Si) October 4, 2025
Осындай демонстрациялар Мадридте, Барселонада, Лондонда және Лиссабонда да өтті. Наразылықтар бейбіт сипатта болғанымен, кей жерлерде полициямен қақтығыстар тіркелді. Лондонда тыйым салынған Palestine Action ұйымын қолдау акциясында 492 адам ұсталды, олардың ең жасы үлкені — 89 жаста.
Айта кетсек, жұма күні Италияның кейбір аймақтарында ұлттық деңгейде ереуілдер мен жаппай наразылықтар өтті. Олар премьер-министр Джорджа Мелони үкіметінен Израильдің Газа секторындағы соғысына қатысты қатаң ұстаным ұстануды талап етті.
Айта кетелік Палестинаны мойындау: соңғы өзгерістер мен қазіргі ахуал қандай екенін жазған едік.