Еуропадағы аса ірі атом электр станциясында апат болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропадағы ірі энергетикалық нысан - Запорожье атом электр станциясында (АЭС) апат болды. Мұнда басты сорғы істен шықты. Апаттың себеп-салдары тексеріліп жатыр, деп хабарлайды "Россия 24" телеарнасы.

Дегенмен оқыс оқиға болған жердегі радиация мөлшері қалыпты жағдайда.

Еске сала кетсек, бұл станциядағы алғашқы оқиға емес. Осыдан бірнеше ай бұрын энергия блоктарының бірі істен шыққан болатын.

Запорожье АЭС-і - қуаты жағынан әлемдегі алтыншы, Еуропадағы бірінші атом электр станциясы.

Соңғы жаңалықтар
telegram