Еуропадағы босқындар зорлық-зомбылыққа қарсы шеруге шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстан мен Сириядан келген босқындар Германияда бейбіт шеру ұйымдастырды. Осылайша олар жаңа жыл түні әйелдерге жасалған шабуылдарға қарсы екендіктерін білдірді, деп жазады 24.kz.

Еуропадағы босқындар зорлық-зомбылыққа қарсы шеруге шықты

Мұнда жиылған 500-ге жуық адам сол күнгі зорлық-зомбылыққа жол бергендерді сынға алып, жұртшылықты неміс қоғамының ұлттық құндылықтары мен бостандығына құрметпен қарауға шақырды.

Мұндай шеру Кельннен бөлек Штутгартта де өтті. Мұнда зорлық-зомбылыққа қарсы шараға 7 мың адам жиылған. Бейбіт шеруге шыққандар көпшіліктен босқындарға дұшпан деп қарамауын өтінді.