Еуропадағы ең биік қанат жолы Эльбурсте ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропада екі биік таулы қанат жолының ашылу рәсімі жексенбі Эльбурсте өтеді, деп хабарлады РИА Новости Эльбрус ауданы Кабардино-Балкария әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Жоғары шыңы 3847 метрді құрайтын қанат жолының ашылуы аясында "Гарабаши-Мир" жаңа шаңғы жолы бойынша алғашқы жарыс басталады» делінген хабарламада.

Жол сегіз орындық гондоламен жарақталған, оның ұзындығы 1675 метр, ал рұқсат ету қабілеті - сағатына 750 адам. Келешекте 1,5 мың адамға ұлғайту жоспарлануда.

Бұдан бұрын "КСК" АҚ 2015 жылы Эльбурс курортын дамытуға 1 миллиард рубльден астам инвестиция құйылатынын айтқан. 2020 жылға дейін курортты дамытуға 6 миллиард рубльден астам қаражат бөлу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар