Еуропадағы ең көрікті ер адамдар белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Туристік портал еуропалық елдердің ішінен ер адамның сырт келбетін бағалауға қатысты сауалнама өткізді. Еуропаның 2 мың тұрғындары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша ең көрікті ер адам итальяндықтар болып шықты. Нәзік жандылардың 21 пайызы оларды бірінші орынға шығарды.

Еуропадағы ең көрікті ер адамдар белгілі болды

Бұдан бұрын әйелдердің тартымдылығы туралы сауалнамада да осындай нәтиже көрсеткен. Осылайша, Италия демалысты курорттық романсыз елестете алмайтындарға таптырмайтын ел болмақ.

Екінші орынды 12 пайыз дауыспен Испанияның ер адамдары алды. Үшінші орында скандинавиялықтар мен түріктер: бұлар 9 пайыздан дауыс жинады, деп хабарлады Euromag.

Греция мен Португалия тұрғындары 7 пайыз, француздар, бельгиялықтар 6 пайыздан алды. Ал дауыс бергендердің 5 пайызы британдықтар мен австриялықтарға берді.