Еуропадағы ең қымбат азық-түлік өнімдері қай елде шығарылады
Еуропадағы азық-түлік бағасы ең қымбат ел Норвегия екені анықталды. Викингтер елінде азық-түлік өнімдері Еуропа одағындағы орташа көрсеткіштен 63% қымбат. Соның ішінде, сүт өнімдері, жұмыртқа, көкөніс және жарма Норвегияның өз статистикасы бойынша да айтарлықтай қымбат болып шықты.
Қымбатшылық рейтингінде Норвегиядан кейінгі орында Швейцария тұр. Мұндағы баға Еуропадағы орташа көрсеткіштен 60% жоғары.
Еуропадағы ең арзан азық-түлікті Солтүстік Македониядан алуға болады. Мұндағы бағалар орташа мәннің 62%-ына тең болды.
Айта кетейік, осы талдау аясында Еуропа одағына мүше кіретін 28 елден бөлек, еркін сауда аймағына кіретін және Одаққа кіруге үміткер елдер де қамтылған. Мысалы, Норвегия мен Швейцария еркін сауда аймағында болса, Солтүстік Македония – кандидат ел.
Авторы: Ілияс Омаров