Еуропадағы ең жалқау ұлт белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалықтардың арасында ең жалқау болып британдықтар танылды, деп жазады шетелдік БАҚ.

Еуропадағы ең жалқау ұлт белгілі болды

Жергілікті консерваторлардың пікірінше, енді аз уақыт көлемінде шығыстан келген мигранттар еңбек нарығын түгелдей жаулап алады. Бұған жергілікті тұрғындардың жұмысқа, мансапқа құлшынысы болмай, керісінше барлық уақыттарын сауық-сайранға жұмсайтындығы себеп болып отыр. Ал саясаткерлердің осыған қатысты ескертуі Британияда жаппай наразылық тудыруда.