Еуропадағы НАТО қызметкерлері ереуілге шықты
БРЮССЕЛЬ. 17 маусым. ҚазАқпарат - Еуропадағы НАТО қарулы күштерінің бірлескен басқару ұйымының (SHAPE) азаматтық қызметкерлері Бельгиядағы Монс қаласында орналасқан әскери базаға кіреберістегі бақылау пунктін және жалпы қос маңына жолды жауып тастады, деп хабарлайды жергілікті БАҚ өкілдері.
2014 жылы 1 қаңтарда SHAPE-ті қаржылық қамтамасыз ету мәселесі НАТО-дан Бельгия федералды үкіметінің құзыретіне өтеді. Осыған байланысты ереуілшілер өз болашақтарына алаңдаулы.
Ереуілді ұйымдастырушылардың сөзінше, қызметкерлердің кем дегенде үштен бірі жұмысынан айырылатыны хақ. Сондықтан Бельгия үкіметінен қаржылық қамтамасыз етуге кепілдеме талап етеді.
SHAPE азаматтық қызметкерлері мәртебесі бойынша не мемлекеттік қызметкерлерге, не жекеменшік ұйым қызметкерлеріне жатпайды.