Еуропадағы су тасқыны: 9 адам із-түзсіз жоғалып кетті
АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Орталық Еуропадағы су тасқыны салдарынан он адам қайтыс болып, тағы тоғызы із-түзсіз жоғалып кетті.
Чехияда су тасқыны бәсеңдеп келеді. Прагадағы Влтава өзенінің көтерілуі тоқтады. Алайда елдегі жағдай әлі де қауіпті болып тұр. Бүгінде улы қалдықтар суға тарамас үшін чехтың «Staropramen» сыра өңдеу зауыттарының жұмысы тоқтатылды. Жалпы, Орталық Еуропа аймағында жаңбыр толастамауда. Соның салдарынан бірқатар өзендер арнасынан асып, Германияның Саксония, Тюрингия, Бавария және Баден-Вюртемберг аймақтары қатты зардап шекті. Ол жақта авто және темір жолдардардың біразы жабылды. Бұдан басқа, Австрия мен Польшада су тасқыны қаупі күшейіп отыр.