Еуропадан мал әкелуге шектеу қойылды

Оған 2011 жылы тамыз айында алғаш рет анықталып, «Шмалленберг» деген герман қаласының атауы қойылған вирус туғызатын аурудың көптеп шығуы себеп болған. Франциядан ұсақ малды тасымалдап әкелуге де уақытша шектеу енгізілген, деп хабарлайды АШМ баспасөз орталығы.
Бүгінгі уақытта ауру Голландияның барлық аумақтарында орналасқан 240 мал шаруашылығы фермасында, Бельгияның 126 фермасында, Германияның 22 қожалығында, Шығыс Англиядағы 3 графтықтың 4 мал шаруашылығында, сонымен қатар Франциядағы Лотарингия провинциясының бірнеше фермаларында анықталды.
Аталмыш ауруды қой, ешкі және ірі қара тез жұқтырады, оны қоздырушы вирус сорғыш жәндіктер арқылы таралады.
Ауруды жұқтырған ересек малда лихорадка, ас қорту жолының бұзылуы, сүт өнімділігінің тез төмендеуі және іш тастау сияқты белгілер кездеседі. Енелерінен Шмалленберг вирусын жұқтырып туылған төлдердің буындарында және омыртқаларының мойын бөлімінде туа біткен кемшіліктер көптеп кездесіп, көп жағдайда ми ұлпаларының сұйықпен толған кистоздық жаралармен алмасуы байқалады. Мұндай төл өлі туылады немесе туылғаннан кейін көп ұзамай өліп қалады. Жас малдың өлімі жұқтырылған мал топтарында 20 дан 50 % құрайды.
Қазіргі уақытта бұл ауруға серологиялық тест жоқ, алдын алуға вакцина шығарылмаған. Бұл індетпен адамның ауыру қаупі және оның денсаулығына Шмалленберг вирусының кері әсер етуін жоққа шығаруға болмайды, дегенмен Шмалленберг вирусына генетикалық ұқсас белгілі вирустар адамда ауру туғызбаған.
Жоғарыда аталған мәлімет сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларына, Комитеттің барлық құрылымдық бөлімшелеріне және мүдделі мемлекеттік органдарға жеткізілді.