Еуропалық комиссия Румыниядағы сайлауға байланысты TikTok-қа қарсы тергеуді бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Еуропалық комиссия TikTok-қа қарсы тергеу жүргізіп жатыр. Бұған Ресейді осы интернет-платформа арқылы «Румыниядағы сайлауға әсер етті» деп айыптау себеп болды, деп хабарлайды Кazinform тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

tiktok
Фото: pixabay.com

Еуропалық Комиссия Румыниядағы президент сайлауының бірінші турында еуропашыл саясаткерлердің сәтсіздікке ұшырауына байланысты TikTok-қа қатысты ресми түрде тергеу амалдарын бастады. Бұл туралы ЕО-ның цифрлық күн тәртібіне жауапты Еуропалық комиссары Хенна Виркун мәлім етті.

Бұл шешім Ресей TikTok арқылы «Румыниядағы сайлауға әсер етті» деген айыппен байланысты болып отыр.

- Еркін және әділ сайлау – демократияның негізі. ЕО-ның цифрлық қызметтер туралы заңы (DSA) ірі онлайн платформалардан сайлау процестерінде тәуекелдерді барынша азайтуды талап етеді. Бүгін біз TikTok-қа оқиғаларды кейіннен бағалау үшін Румыния сайлауына қатысты барлық дәлелді сақтауды тапсырдық, - дейді ол.

Еуропалық комиссия баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар