Еуропалық депутаттар «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрестің Еуропалық жылын» жариялауды талап етуде

БРЮССЕЛЬ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Еуропалық Парламент депутаттарының жартысынан астамы алдағы бес жылда «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрестің Еуропалық жылын» анықтау талап етіліп, Еурокомиссияның атына жолданған жазбаша үндеуге қол қойды, деп хабарлады Еуропарламенттің баспасөз қызметінен.
None
None

Қол қойылған үндеуде атап көрсетілгендей, Еуропалық Одақта тұрып жатқан әйелдердің 25 пайызы ер азаматар тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырайды, тағы 10 пайызы - жыныстық зорлықтың құрбаны болады екен. Әйелдердің құқықтарына қысым жасау - Еуропада адам құқығын бұзудың кең тараған фактілерінің бірі болып табылады, және бұл факті гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге кедергі болып отыр.

Осыған орай, еуропалық депутаттар Еуроодақтың бас атқарушы органына алдағы бес жылдың бірін - «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрестің Еуропалық жылы» деп жариялап, шаралар қабылдау туралы үндеу тастап отыр.

Соңғы жаңалықтар