Еуропалық ер-жігіттер 100 жылда 11 см-ге өсіпті

АСТАНА. 3 қыркүйек. ҚазАқпарат - 1870-1980 жылдар аралығында еуропалық ер-жігіттердің бойы 11 см-ге ұзарған, деп хабарлайды Росбалт арнайы зерттеу жүргізген австралиялық ғалымдарға сілтеме жасап.

Еуропалық ер-жігіттер 100 жылда 11 см-ге өсіпті

Әсіресе «Ұлы депрессия» дағдарысы басталып, Ұлы Отан соғысы аяқталғанға дейінгі мерзімде қатты ұзарған екен, дейді Газета.ru.

Ғалымдардың пікірінше, бойдың өсуі тұрмыстық жағдайдың жақсаруымен, тамақ мен өмір сүру деңгейнің өсуімен және бала өлімінің азаюуымен байланысты.