20:33, 10 Қазан 2013 | GMT +5
Еуропалық халықтық партиясының жетекшісі (ЕХП), Бельгияның бұрынғы премьер-министрі Вильфред Мартенс дүниеден озды
АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Бейсенбіге қараған түні 77 жасында Еуропаның аса ірі саяси ұйымы - Еуропалық халықтық партиясының жетекшісі (ЕХП), Бельгияның бұрынғы премьер-министрі Вильфред Мартенс қайтыс болды.

Өткен аптада денсаулығына байланысты В.Мартенс өз өкілеттігін Еуропарламенттегі ЕХП фракциясының басшысы Джозефу Долуге беріп, одан партияны уақытша басқара тұруды сұраған. В.Мартенс Еуропалық халықтық партиясын 1990 жылдан бері басқарып келеді. Жалпы Белгия үкіметіне 13 жыл бойы басшылық етті. ЕХП мүшелері Еуроодақтың барлық саяси институттарында, сондай-ақ Еуропа Кеңесінде бар.