Еуропалық кеңес басшысы Туск 20 шақырымдық брюссельдік жүгіруге қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық кеңес басшысы Дональд Туск 20 шақырымдық қашықтыққа созылатын дәстүрлі брюссельдік жүгіруге қатысады.
None
None

Атап өткен жөн, бұл спорттық бәсекені өткізуде аса жоғары қауіпсіздік шаралары қолға алынып отыр, бағдар соңғы сәтте өзгертілді.

«Бүгін мен қала мен оның тұрғындарымен бірге екендігімді білдіріп, «Брюссельдік 20 шақырымға» жүгіремін. 22/03/2016 жайлы еске аламыз»,- деп жазды Туск твиттерге.

Соңғы деректерге қарағанда, жаппай жүгіруге 40 мың адам қатысуға ниет білдірген.

Соңғы жаңалықтар