20:17, 29 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Еуропалық Кеңес Парламенттік ассамблеясының бас хатшысы қызметіне Турбьерн Ягланд сайланды
АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат - Еуропалық Кеңес Парламенттік ассамблеясының жаңа бас хатшысы болып Норвегияның бұрынғы премьер-министрі Турбьерн Ягланд сайланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си сайтына сілтеме жасап.
Норвегиялық 58 жастағы саясаткер уәкілеттілігі қыркүйекте аяқталған бас хатшы, ұлыбританиялық өкіл Тэрри Дэвистің орнын басты. Парламенттік Ассамблеяның 165 депутаты Ягландқа дауыс берді.
Осы лауазымнан тағы бір үміткер - польшалық өкіл Влодзимеж Чимошевич - 80 дауыс алды.