Еуропалық Кеңес Президенті Х.В.Ромпей Польша халқына көңіл айтты

БРЮССЕЛЬ. Сәуірдің 11-і. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Еуропалық Кеңестің (Еуропалық Одақтың жоғарғы органы) Президенті Херман Ван Ромпей Польша халқына Смоленск түбіндегі авиапатқа байланысты көңіл айтты.

Еуропалық Кеңес Президенті Х.В.Ромпей Польша халқына көңіл айтты

«Мен Президент Лех Качиньскийдің, оның зайыбының және басқа да жоғары деңгейдегі поляк шенеуніктері мен саясаткерлерінің апатта қазаға ұшырағаны туралы хабарды қабырғам қайысып естідім. Польша ұлы патриотынан және мемлекет басшысынан айырылды. Мен президенттің және басқа да құрбан болғандардың отбасына, премьер-министрі Д.Тускіге және бүкіл поляк халқына шынайы көңіл айтуымды білдіремін. Осынау төтенше ауыр жағдайда Еуропалық одақ оларға қолдау көрсететін жеткізгім келеді», - делінген көңіл айту мәтінінде.

Бұдан бұрын ҚазАқпарат хабарлағанындай, поляк президентінің ұшағы сәуірдің 10-ында мәскеу уақытымен 10:56-да Смоленск түбіндегі «Северный» әуежайының маңында апатқа ұшырады.