Еуропалық медиктер Петерборда эпидемия мен пандемия кезіндегі іс-қимылдардың жоспарын талқылайды
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Санкт-Петерборда 2010 жылы Еуропаның барлық медициналық қауымдастықтарының өкілдерінің кеңесі өтеді.
Онда эпидемия және пандемия кезіндегі іс-қимылдардың жоспарлары әзірленеді. Бұл туралы Петерборда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросының өкілдері Марк Данзон мен оның орынбасары Ната Менабде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің атап көрсетуінше, фарминдустрия - әлемдік экономикадағы өте маңызды ойыншы, сондықтан да таза ғылыми проблемалардың өзі экономикалық мәселелермен тығыз байланысты. «ДДҰ барлық экономикалық мәселелерді шешудің толыққанды қатысушысы емес, біз коммерциялық қызметтерге қатыспаймыз. Біздің міндетіміз - әлемнің барлық азаматтары үшін дәрі-дәрмектерді қолжетімді ету», деп атап көрсетті. М.Данзон мырза.
Ресейдің Медицина ғылымдары академиясының Тұмау проблемасымен айналысатын ғылыми-зерттеу институтының директоры Олег Киселев, A/H1N1 тұмауымен күресте өзінің тиімділігін көрсеткен және мамандар кеңес беріп отырған ресейлік дәрі-дәрмектердің тізімі бар екенін мәлім етті.
Ғалымның айтуынша, A/H1N1 тұмауына қарсы вакцинаның алғашқы партиясы 2009 жылдың қазан айында дайын болады. Тамыздың 20-сынан бастап вакциналардың сынағы басталмақ.