Еуропалық мектеп оқушыларына ата-анасының рұқсатынсыз әлеуметтік желіде отыруға тыйым салынбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропарламент IT-компаниялардың ата-аналары немесе қамқорлыққа алғандардың рұқсатынсыз 16 жастан кіші жасөспірімдер жайлы деректер жинауға тыйымды көздейтін заңнамаға түзетулерді қабылдады.

Еуропалық мектеп оқушыларына ата-анасының рұқсатынсыз әлеуметтік желіде отыруға тыйым салынбақ

Бұл құжат  2018  жылы күшіне енеді.

Бұл заңды бұзған компания барлық айналымның 4 пайызына дейінгі көлемде айыппұл төлейтін болады. Сарапшылар ата-аналарының рұқсатын жинау компанияға елеулі қиындық тудыратынын айтады. Себебі интернет пайдаланушының жасын растау өте қиын.

Сонымен қатар, ішінде Ұлыбритания бар кей мемлекеттер ата-аналарының рұқсатын алу жасын 16-дан 13 жасқа дейін төмендете алады.

Facebook және Snapchat сияқты ірі интернет ресурстар тіркелу кезінде пайдаланушының 13 жасқа толуын  талап етеді.