Еуропалық одақ Эквадордағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге 1 млн еуро гуманитарлық көмек көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық Одақ Эквадорда жер сілкінісінен зардап шеккендерге 1 млн. еуро көлемінде шұғыл гуманитарлық көмек бөлді. Бұл туралы Еуроодақтың ресми өкілі Маргаритис Схинас мәлімдеді.

Еуропалық одақ Эквадордағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге 1 млн еуро гуманитарлық көмек көрсетеді

«Еурокомиссия Эквадорға шұғыл гуманитарлық көмек көрсету үшін 1 млн. еуро көлемінде қаражат бөлді. Көмек бұл елдегі халықаралық гуманитарлық ұйымдар арқылы көрсетіледі», - деді ол.

Еурокомиссия сондай-ақ қоғамдастық елдерінің бұл елге көмек көрсетуін үйлестіру үшін Еуропалық азаматтық қорғаныс механизмін жандандырды, деп жазады ТАСС.