Еуропалық Одақ қорғаныс шығындарын арттырады

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Брюссельде Еуропалық Одаққа мүше 27 елдің қорғаныс министрлерінің кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Еуропалық қорғаныс агенттігі кеңесінің отырысында қорғаныс министрлеріне Еуропалық сыртқы байланыстар қызметімен (EEAS) және ЕО әскери штабымен (EUMS) тығыз ынтымақтастықта әзірленген Үйлестірілген жыл сайынғы қорғаныс шолуы (CARD 2022) ұсынылды.

Есепте осы кезеңде қорғаныс шығындарының ұлғаюы Еуроодақ үшін де, қорғаныс саласындағы сын-қатер үшін де үлкен мүмкіндік екені атап өтілген.

Еуропалық қорғаныс ведомствосының бағалауы бойынша, ЕО-ның қосымша қаражаты қорғаныс мүмкіндіктеріндегі бұрыннан келе жатқан олқылықтардың орнын толтыруы мүмкін.

Кеңес отырысының нәтижесінде Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі журналистерге: «Біз кешегі соғыспен емес, ертеңгі соғыспен күресуге дайын болуымыз керек және бұл жаңа технологиялық мүмкіндіктерді қажет етеді», - деді.

«Оны дұрыс жұмсаудың ең жақсы жолы - үйлестірілген жолмен жұмсау», - деді еуропалық дипломатияның басшысы.

ЕО сыртқы саясат ведомствосы басшысының айтуынша, Еуроодақ елдері қорғаныс шығындарын 2025 жылға қарай 70 млрд еуроға ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Арнұр Рахымбеков


Соңғы жаңалықтар