Еуропалық одақ Нұрсұлтан Назарбаевтың ЕО-ЕАЭО форумы бастамасына пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық одақ Еуразиялық экономикалық одақпен бірлесіп, форум өткізу туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын қарастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент Назарбаев өз бастамасы туралы біздің басшылармен сөйлескен. Әрине, бұл бастаманы қарастырып жатырмыз, бірақ ЕАЭО мен ЕО арасында тығыз қарым-қатынас орнату үшін Ресей мен Еуроодақ арасындағы бірқатар мәселелерді шешу қажеттігін де жасырмаймыз. Әсіресе, Украинадағы шиеленіс мәселесі», - деп жауап берді журналистер сұрағына ЕО-ның Орталық Азия бойынша өкілі Петер Буриан ЕО мен Орталық Азия қатынастарының 25 жылдығына арналған кездесуде.

Сондай-ақ ол Украина бойынша Астанада келіссөздер жүргізу ұсынысы туралы сөз қозғады. Петер Буриан Минскіде өткен келіссөздердің Украинадағы шиеленіс мәселесін шешудің негізін қалағанын атап өтті. Және Еуроодақ уағдаластық орнатуға септігін тигізетін барлық бастамаларды қолдауға дайын.

«Алайда, нақты шешім бұл шиеленістегі негізгі ойыншылардың қолында», - деді Петер Буриан.

Соңғы жаңалықтар
telegram