Еуропалық одақ Түркиядағы оқиғаларға қатты алаңдаушылық білдіріп отыр
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық одақ таяуда болған Түркиядағы оқиғаларға қатты алаңдаушылық білдіреді және ел билігін парламенттік демократияны сақтауға шақырады, деп хабарлайды Брюссельдегі «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі ЕО-ның шетел істері мен қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могеринидің сейсенбіде жасаған мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып.
«ЕО және оған мүше елдер Түркияда болып жатқан оқиғаларды үлкен алаңдаушылықпен бақылап отыр», - деді Могерини. - Өлім жазасын қайта тағайындау туралы заң жобасын парламентке енгізу мүмкіндігін қарастыруды жаңарту, сөз бостандығын, оның ішінде әлеуметтік медианы шектеуді жалғастыру, БАҚ-ты жабуды жалғастыру және Cumhuriyet газетінің бас редакторы мен қызметкерлерін қоса алғанда, журналистерді қамаққа алуға ордерлер беру, елдегі ірі оппозициялық «Халықтық демократия партиясының» (HDP) тең төрағаларын жақында қамаққа алуы, сондай-ақ бірқатар парламент депутаттарын ұстау қатты алаңдаушылық туғызады және құқық құзыретін, адам құқықтары мен негіз құраушы бостандықтарын сақтауды әлсіретуі, сондай-ақ Түркиядағы парламенттік демократияны ушықтыруы мүмкін», деп ескертті еуропалық дипломатия басшысы.
Сонымен қатар ЕО Диярбақырдағы терактіні талқылауда және зардап шегушілер мен олардың отбасыларына қайғырып көңіл білдіреді. Еуроодақ және ЕО-ға мүше елдер қатыгездік пен теракт тоқтатылу тиіс екеніне сенімді.