Еуропалық одақ вакцинацияның цифрлық сертификатын ресми бекітті

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еуропалық одақтағы үш институттың – Еуропалық парламенттің, Еуропалық одақтың және Еуропалық комиссияның басшылары вакцинацияның цифрлық сертификаты туралы ЕО Регламентіне ресми қол қою шарасына қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Еуропалық одақ вакцинацияның цифрлық сертификатын ресми бекітті

«COVID-19-ға қарсы вакцинацияның цифрлық сертификаты Еуропа қуаттап отырған дүниенің нышаны болып табылады. Біздің Одақ бірлескен жағдайда жақсы жұмыс істейтінін тағы бір мәрте көрсетті», - деді Дэвид Сассоли, Урсула вон дер Ляйен және Португалия премьер-министрі Антониу Коста.

COVID-тің цифрлық сертикаты туралы ЕО Регламенті евроинституттар арасында рекордты – 62 күн ішінде келісілді.

«Біз заңнамалық процеспен жұмыс істеп жатқан уақытта, бір мезгілде жүйенің техникалық негізін – ЕО тұрғындарын вакциналаудың арнайы порталын жасадық. Ол 1 маусымнан бастап күшіне енеді», - деп қосты ЕО өкілдері.

ЕО сертификаты халыққа еркін жүріп-тұруға мүмкіндік береді деп күтілуде.