Еуропалық одақ зілзаладан зардап шеккен Италияға қаржы бөлуге дайын
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа одағы Италияға зілзала зардаптарын жоюға көмектесуге дайын. Еуропалық қордың тәртібіне сай, ол үшін Италия билігі арнайы сауал жолдауы керек, деп хабарлайды 24.kz.
Алайда, табиғи апаттан кейін Италия шенділері халықаралық көмекке зәру еместігін айтқан. Шынтуайтында, зілзаладан кейінгі жағдай мүлде бөлек. Қалпына келтіру жұмыстарына 360 млрд. еуро қаржы керек.
«Италия билігі арнайы сауал жолдаған жағдайда, зілзадан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына қаржы бөлінеді. Сондай-ақ, Еуропалық қордан қаржы бөлуімізге мүмкіндік бар. Егер арнайы сауал жолданса, Лацио, Абруццо, Умбрия аудандарында еуропалық төтенше жағдай өкілдері сараптама жүргізеді. Бізде жер серігі арқылы түсірілген 26 карта бар», - дейді Еурокомиссияның төрағасы Александр Полак.