Еуропалық олимпиадаға қатысқан қазақстандық 4 оқушы да жүлдегер атанды

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрама командасы Словенияның Порторож қаласында өткен қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиадасында (EGMO) төрт медальға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олимпиада 13-19 сәуір аралығында өтті. Оған әлемнің 60 елінен 240 оқушы қатысты. Еліміздің намысын Астана мен Алматы қалалары және Павлодар облысының төрт оқушысы қорғады.


Қатысушылар математикадан жеке тапсырмалар орындап, қорытынды бойынша төрт оқушы да орын алды:

Мерей Темирзинова (Астана қаласы) – күміс медаль;

Анастасия Одинцова (Павлодар облысы) – күміс медаль;

Ақерке Нурахметова (Алматы қаласы) – күміс медаль;

Амира Кенбаева (Алматы қаласы) – қола медаль.

Айта кетсек, Қазақстан Еуропалық математикалық олимпиадасында 2017 жылдан бері қатысып келеді.


Соңғы жаңалықтар
telegram