Еуропалық «Оскардың» лауреаттары аталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбіден жексенбіге қараған түні Берлинде Еуропалық киноакадемия сыйлығын (Еуропалық «Оскар») марапаттау рәсімі өтті.

Еуропалық «Оскардың» лауреаттары аталды

Режиссёр Поало Соррентиноның «Жастық шақ» картинасы үздік атанды. Онда қазіргі зейнеткер, Венециан оркестрінің бұрынғы бас дирижёрі туралы баяндалды.

Еуропалық киноакадемия сыйлығын (EFA) марапаттау рәсімі дәстүр бойынша жыл сайын желтоқсанда өтеді. Шарада жыл қорытындысы бойынша наградалар табыс етіледі. Осы жолы режиссёр Поало Соррентиноның «Жастық шақ» картинасы үздік атанды.