Еуропалық сарапшылар Украинаға техникалық проблемаларды шешуге көмектесуге әзір

БРЮССЕЛЬ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ – Ресей газының Украина арқылы Еуропа елдеріне жеткізілуіне байланысты жалғасып отырған проблемаларға орай Еуроодаққа төрағалық етуші Чехияның премьер-министрі Мирек Тополанек украиналық әріптесі Юлий Тимошенкомен телефонмен сөйлесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Еуроодақ төрағасының сайтына сілтеме жасап. Чех премьері Еуроодақтың атынан Ю.Тимошенконы Еуропаға газ жеткізілімінің кідіртілу себебі туралы хабардар етуді өтінді. Украина премьері бұл мәселе бойынша, Ресейден келіп жатқан газдың төмен қысымына байланысты кішігірім техникалық проблемалардың орын алып отырғанын хабарлады. М.Тополанек Ю.Тимошенкоға техникалық проблемаларды шешуде Украинаға көмек көрсетуге әзір еуропалық сарапшылармен дереу байланысуға кеңес берді. Украиналық премьер осы бағытта жұмыс істеуге уәде етті.
Соңғы жаңалықтар