Еуропалық саяси институттардың көшбасшылары Хорватиядағы ЕО-ға кіру жөніндегі референдум қорытындыларын құптайды

БРЮССЕЛЬ. 23 қаңтар. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - ЕО Кеңесінің төрағасы Херман Ван Ромпей және Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозу Хорватияда өткен елдің Еуроодаққа кіруі туралы референдум қорытындыларын құптайды, деп хабарлады Еурокомиссияның баспасөз қызметі.

Еуропалық саяси институттардың көшбасшылары Хорватиядағы ЕО-ға кіру жөніндегі референдум қорытындыларын құптайды

«Біз Хорватияны және оның халқын осы таңдауымен құттықтаймыз. ЕО-ға мүшелік оларға жаңа мүмкіндіктер ашады және тұрақтылық пен ұлттың гүлденуін қамтамасыз етеді. Халық ұсынған мандат хорват үкіметіне мүшелікке әзірліктің қалған бөлігін аяқтауға мүмкіндік береді. Біз басты үдеріс Хорватия парламентінің, сондай-ақ ЕО барлық мүше-мемлекеттері парламенттерінің ратификациялауын асыға күтеміз, бұл Хорватияның 2013 жылғы 1 шілдеден бастап одақтың жиырма сегізінші мүшесі болуына мүмкіндік береді», - деп атап өтілген еуропалық саяси институттар көшбасшыларының бірлескен мәлімдемесінде.

Хорватияның Орталық сайлау комиссиясы 99 пайыз бюллетеньдер өңделгеннен кейін жексенбі күні өткен референдумда 66 пайыздан астам азамат ЕО-ға кіруді жақтап дауыс бергенін, 33 пайызы қарсы болғанын хабарлады. Сайлаушылардың қатысуы небәрі 44 пайыз болды.

Хорватия өзінің ресми кіруіне дейін ЕО Кеңесі жұмыс топтарының көпшілігінде, сондай-ақ біртұтас еуропалық құрылымның комиссиялары мен комитеттерінде  белсенді байқаушы мәртебесінде болады.