Еуропалық ұтыс ойынында джек-потты англиялық жүргізушілер жеңіп алды

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Euromillions еуропалық лотереяның кезекті ойынында 38 миллион фунтты құрайтын джек-потты Англияның автобус жүргізушілерінің тобы жеңіп алды, деп жазады Би-Би-Си.

Еуропалық ұтыс ойынында джек-потты англиялық жүргізушілер жеңіп алды

Британдықтар жалпыеуропалық лотоның басты жүлдесін бесінші рет жеңіп отыр. Ақшаны англиялық Нортгемптоншир графтығының тұрғындары алды.

Жеңімпаздардың бірі Джон Ноукс ұтысының бір бөлігін әйелімен бірге Лас-Вегасқа баруға жұмсайтынын айтты.