Еуропалықтарды таңқалдырғаны - сайлаушылардың сайлау науқанына өте белсенді түрде қатысқаны - италиялық депутат

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалықтарды таңқалдырғаны - сайлаушылардың сайлау науқанына өте белсенді түрде қатысқаны. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Италия Парламенті Сенатының депутаты, ЕҚЫҰ ПА жанындағы италия делегациясының мүшесі Серджио Дивина айтты.

Еуропалықтарды таңқалдырғаны - сайлаушылардың сайлау науқанына өте белсенді түрде қатысқаны - италиялық депутат

"Бүгін біз бақылау фазасын аяқтадық. Осы сайлауда бізді, яғни еуропалықтарды таңқалдырғаны - сайлаушылардың сайлау науқанына өте белсенді түрде қатысқаны. Еуропада сайлау өтсе, мұндай көріністі көру қиын. Менің ойымша, мұның себебі еуропалықтарлың саясатқа онша қызықпайтыны. Сіздердің елдеріңіз сияқты жас мемлекет үшін мұнда тұратын әр азаматтың болашаққа деген сенімі күшті, дамуға деген ұмтылысы мығым және халықты бастап келе жатқан адамға деген сенімі мықты көрінді", - дейді ол. Халықаралық бақылаушының айтуынша, ел сайлаған жаңа Президент мемлекеттерді жаңа белестерге көтереді. "Менің ойымша, өздеріңіз сайлаған жаңа Президент елдің дамын қарыштататын жаңа бағдарламалар қабылдап, мемлекеттеріңізді жарқын болашаққа бастайды", - дейді С. Дивина.