Еуропалықтардың үштен бірі демалысында саяхаттауға мүмкіндіктері жоқ

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - ЕО халқының үштен бір бөлігі аптаға созылатын жыл сайынғы демалысын үйлерінен тысқары жерде өткізе алмайды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Еуропалықтардың үштен бірі демалысында саяхаттауға мүмкіндіктері жоқ

«Еуроодақта көптеген адамдар үшін жаз - демалу, саяхаттау кезеңі. Алайда ЕО халқының үштен бір бөлігінің (32,9%) бір апталық жыл сайынғы демалысын үйден сырт жерде өткізуге мүмкіндіктері жоқ», - делінген «Еуростат» статистикалық қызметінің хабарламасында.

Баласы жоқ ерлі-зайыптыларға (31,3%) қарағанда, асыранды балалармен (34,6%) отбасы көбірек зардап шегетіні атап өтіледі.

ЕО-ның 28 елінен ақшаға қатысты проблема 66,6%-бен Румынияда басым түсуде, яғни, халқының үйден сырт жерде демалыстарын өткізуге мүмкіндіктері жоқ.

Одан кейін Хорватия (62,8%), Болгария (56,4%) және Грекия (53,6%). Швеция (8,2%), Люксембург (13,1%), Дания (13,7%), Финляндия (14,2%) орналасқан.