Еуропаны аптап ыстық буып тұр

АСТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат - Францияның оңтүстік-батысында термометр бағаны плюс 35 градус ыстықты көрсетіп тұр, деп хабарлады Правда.ру сайты.

Еуропаны аптап ыстық буып тұр

Синоптиктердің болжамына қарағанда, таяудағы екі тәуліктің ішінде кейбір қалаларда ауаның температурасы 40 градусқа дейін көтерілмек.

Шұғыл қызметтер аптап ыстық 21 департаментте белең алып тұрғанын хабарлады.

Көршілес Испанияда да ыстық басылмай тұр. Каталонияда, Андалусияда және Севильеде күннің ыстығы 41 градусқа дейін жетті. Туристер қалаларға экскурсияға шығудан бас тартуда, олар көбіне судың қасында болғысы келеді. Салқындатылған сусын мен балмұздақ сататын дүңгіршектердің жолы болды. Бұл күндері әдеттегіден екі еседен астам пайда түсті.

Испанияның Гомер және Тенериф аралдарында (Канар аралдары) орман өрттерінің салдарынан 4,7 мыңнан астам адам апат аймағынан шығарылды.