Еуропаның бірқатар елінде локдаун жарияланды
Францияның Париж аймағында және елдің солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс департаменттерінде жаңа санитарлық шектеу күшіне енді. Бір жыл бұрын бүкіл Францияда күшіне енген өзін-өзі оқшаулау режимінен айырмашылығы бұл жолы француздарға себебін түсіндірместен көшеге шығуға және үйден 10 шақырым қашықта жүруге рұқсат етіледі, бірақ топтанып жиналуға қатаң тыйым салынады.
«Әлі күнге дейін оған үйрену қиын. Еркіндік жеткіліксіз, достармен кездесу мүмкіндігі жоқ. Біз мұның бәрінен айырылғанбыз»,- дейді қала тұрғыны.
«Мен еш шағымданбаймын, өйткені менің жұмысым да, күйеуім де бар. Біздің өз үйіміз бар, балаларымыз бар, өмір жалғасуда. Үйлерінде қамалған париждіктер мен жалғыз тұратын студенттердегі жағдай бөлек мәселе», - дейді таңғы бір тұрғын.
Сенбіде Польшада үш апталық локдаун басталды. Тек ақпан айында бұл елдегі мұражайлар, кинотеатрлар мен қонақ үйлер жұмысын қайта бастады. Бірақ шектеу шараларын жеңілдету бір айдан аспады. Германия қазірдің өзінде Польшамен шекарадағы бақылауды күшейтетінін мәлімдеді.
«Бұл шектеулер қанша уақытқа созылатынын көрейік. Егер бір-екі ай болса, жарайды. Бірақ бұл көп уақытқа созылса, мен білмеймін. Бұл мүлдем түсініксіз».
Украинада қатаң карантин шектеулері Киев, Львов және Винница билігі енгізді. Өткен аптада бұл елде коронавирус инфекциясының күрт өсуі байқалды.