Еуропаның ең қарт тұрғыны көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың сәуір айында Еуропаның ең қарт тұрғыны атанған Ана Вела жұма күні 117 жасында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
1901 жылы 29 қазанда Пуэнте-Хенильде (Андалусия автономды қоғамдастығы) дүниеге келген әйел Барселонадағы қарттар үйінде дүние салды.
Ана Вела мамандығы бойынша - тігінші. Төрт баланы тәрбиелеп өсірген.
Ағымдағы жылдың сәуір айында италиялық Эмма Мораноның 117 жасында бақилық болғаны белгілі болды. Осыдан кейін испаниялық әжей Еуропадағы ең қарт адам атанды.