Еуропаның ең таза елі белгілі болды

АСТАНА. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Утро.ру сайты хабарлағандай, Еуропа елдері ауасына жасалған сараптаманың нәтижелері белгілі болды. Еуропалық қоршаған орта агенттігі зерттеушілерінің мәлімдеуінше, ең таза ауа - Эстонияда.

Еуропаның ең таза елі белгілі болды

Сараптама ауада аммиактың, күкірт тотықтарының, азот тотықтарының, сондай-ақ, ауада ұшып жүретін органикалық заттардың көлемін зерттеген. Эстония ауасындағы осы аталған заттардың барлығы дерлік қалыпты жағдайда, тіпті одан да төмен болып шыққан.

Ондағы ауаға ең аз шығарылатыны - аммиак. Басқа да адам ағзасына зиянды заттар белгіленген мөлшерден едәуір аз. Қазір Эстон жеріндегі табиғатқа зиянын тигізіп отырған салалар - энергетика мен көліктер ғана. Бұл елде қоршаған ортаға зиян келтіретін өндіріс орындары жоқтың қасы.