13:28, 15 Наурыз 2013 | GMT +5
Еуропаның ішімдікке құмар үш мемлекеті аталды
АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметіне сүйенсек, Ресей ішімдікке әуес мемлекеттердің арасында бірінші орында емес, деп хабарлады Росбалт.

Мәселен, жан басына шаққанда алкогольді тұтыну бойынша Еуропа елдері арасында үшінші орында Эстония тұр. ДДСҰ-ның 2006-2010 жылдар аралығындағы статистикасы бойынша, ішімдік тек Молдавия мен Люксембургте көп ішіледі екен.
Эстонияның 15 жастағы және одан ересек тұрғындары жылына жан басына шаққанда таза этанолдың 15-тен астам литрін тұтынады. Ресей бұл тізімнің ортасында, онда ішімдікті ішу жылына жан басына шаққанда 10 литрден асады.
Ішімдікке әуес мемлекеттер - Тәжікстан мен Түркия.
Айта кетейік, Орталық Азияда Қазақстан ең маскүнем мемлекет болып саналады, мұнда әр азамат жыл сайын 11 литр таза этил спиртін тұтынады.